ДЕНСАУЛЫҚ КОДЕКСІ
Әлеуметтік және жалпы гигиенадағы, физиологиядағы көптеген сауықтандыратын әдістерді салыстырып отырып біз мынаны байқадық: сауықтандыру әдістерінің бір жүйесін қолдайтын жақтаушылар екінші біреулерің әдістерін не теріске шығарады, не елемейді. Соған қарамастан сол әдістердің әрқайсысының ұтымдыларын біріктіріп жалпы қолдануға болады. Біздер ұсынып отырған «Денсаулық кодексі» негізінен П.Ивановтың әдісін («Детка») алсақта, тек ол әдіспен шектеліп қалған жоқпыз, көптеген жаңа пункттер қостық. Осы комплекстердің барлығын қолданса ғана ұтымды. Бұл ерекше өмір кодексі.Тағы бір ескеретін жағдай бұл ережелер кез-келген мемлекеттік құрылыстармен, религиялармен, философиямен, идеологиялармен сәйкес келеді.
Клиникалық практикамызда біз белгілі бір тұрақты әдістерді қолданамыз. Біріншіден классикалық медицина әдістері көмегімен және аурулардың даму жолдарын біле отырып аурулар белгілерін азайтуға, ауру адам күйін жақсартуға яки ауруларды емдеуге тырысамыз. Бұл емдеудің дайындық бөлімі. Емнің негізгі бөлімі ауру күйі жақсарғанда және олар біздің ерекшеліксіз жаттығу әдістерін орындай алатын кезде басталады. Организмге әсер ету әдістерінің негізі дәстүрлі емдік денешынықтыру мен физиотерапия және дәстүрсіз әртүрлі сауықтыру жүйелері болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда бұл ауруды емдеу. Ең басты мәселе адамдарды науқас болмауға үйрету, өзінің денсаулығын бағалай білуге және қорғауға үйрету.
Дәстүрсіз сауықтыру әдістерді біз жай қолдана салған жоқпыз. Ол әдістердің физиологиялық әсерлерін анықтадық және кейбіреулерін керегінше өзгерттік. Мысалы, П.Ивановтың әдісін қолданғанда біз мына желілерге көңіл аудардық:
- Бастапқы кезде ( жағдайына қарай) 2 рет күніне 1-2 ай бойы аяқ қолын мұздай сумен жуу керек.
- Жаздыгүні 2 рет күніне өзеннің, көлдің, мұхитты, кез-келген табиғи суаттың (бізде ол Есіл өзені) мұздай суына түсу керек. Содан кейін ғана күніне 2 рет, ауа-райы жағдайына қарамай, мұздай суды үстіне ақтарып құйып тұру керек.
- П.Иванов көрсеткендей ашығуға бейімделу үшін тәуліктік және 36 сағаттық апталық ашығудан 5-12 күндік емдік ашығуды бастау.
- Содан кейін денсаулықты сақтаудың ең бастысы адамдарды өздеріне, өз күштеріне, өздерінің таңдаған өмір сүру дағдылығына сенуді уйрету. Бірақ, кейде адамдарды өздеріне ұнаған өмір сүру дағдысына, өмір-сүру тәсіліне үйретуге тура келеді, өйткені ешқандай әдісте әулиелілік жоқ.
Әсіресе соңғы желіде айтылғандай ең маңыздысы адамдар тек өздерін, денесін реттеуді үйреніп қана қоймай, осы ілімге сену керек. Бұл кез келген сауықтандыру жүйесінің негізгі желісі. Көптеген адамдар азды-көпті өздері таңдаған әдістерін қолдануда.
Біздіңше, көпшілікке керегі ЕМДЕЙТІН дәрігерлер емес ҮЙРЕТЕТІН – өздері адамдар үшін өмір сүретін , өзінінің үлгілі тәртібімен пайдасын, жеке басын, ерекшелігін , бағасын ойламай, шын көңілімен адамдарды денсаулық жолына ертетін ОҚЫТУШЫЛАР (ҰСТАЗДАР) керек.
Денсаулық біреу, ал ауру өте көп . Аурулардың тудыратын себептердің көптігіне қарамай, бізоларды төртке бөлеміз;
- Дұрыс эмоцияның болмауы, араздасу,дау жанжалдық
- Табиғат күштерімен, яки сумен, ауамен, жермен, адамдармен, жануарлармен, өсімдіктермен дұрыс қарым қатынаста болмау.
- Дұрыс тамақтанбау.
- Өте аз қозғалыс жағдайлардағы жұмыс (гиподинамия)
Егер барлық ауру тудыратын субептерді дұрыстап талдап қаврасақ, оның негізгі біреуі ол – тәрбиесіздік. Шыныменде тәрбиесіздік өзіндік мәдениетсіздік немесе ата-анасының тәрбиесіздігі мен мәдениетсіздігі адамдар өміріндекгі көптеген аурулардың негізі. Сондықтан Денсаулық кодексіндегі бірінші жол соған арналған;
1. ӨЗІҢІЗДІҢ ОРГАНИЗІМІҢІЗДІ БІЛІҢІЗ
Өз организіміңізді,денеңізді, қалай қызмет жасайтындығын, әлсіздіктен кәрілікті шегіндіріп, жасыңызды ұзарптуға не зиян, не пайдалы екенін білуіңіз керек. Бұл сіздің денсаулығыңызды сақтауға және балаларыңызды дұрыс тәрбиелеуге көмектеседі. «Денсаулық шындығы «деген кітабымыз бұл мәселе туралы сізге көп жәрдемдеседі.
2. ТАБИҒАТПЕН ТІЛ ТАУЫП ӨМІР СҮРІҢІЗ
Бұл жай жариялық емес. Табиғатқа жақын болуыңыз мүмкіншілігінше паркта,орманда,өзенде теңізде жазда болуға тырысыңыз. Көбінесе жалаң аяқ жүріңіз, артық киіміңізді шешіп денеңіз ауамен, сумен, күн көзімен жүздессін. Біз негізінен мынаны ұсынамыз:
- Жылына кемінде 9 күннен 2 рет табиғатта болыңыз .
- Жаздыгүні күніне 20-25 минут жермен жалаң аяқ шөп, құм,батпақ не тас үстінде жүріңіз, қыстыгүні – үй ішінде.
- Күнде үйден шыққанда жан- жағыңыздағы жасыл ағаштарға, шөптерге, көк аспанға, қарға қарап қуаныңыз және табиғаттан шарапат алыңыз.
- Ауа раы қандай болмасын сүйіңіз,табиғат қатал болсада ол сізге дос :желден, жаңбырдан,бораннан, қорықпаңыз, суық тиіп тұмауратамын деп қорықпаңыз, егер солай болсада, оны дұрыс қабылдаңыз, тұмаурату барлық уақытта жау емес, ерсі көрінседе, оныңда пайдасы бар.
Табиғатта, адамдардың ауру тудыратын себептермен қатар өмір сүруіне, оған қарсы күресуіне, денсаулығын сақтауға бағытталған көптеген туынды әдістер бар.
Адамдар тек өзіне қолайлы жағдай жасап табиғаттан аластанса, онда олардың табиғаттың сауықтандыратын күштерінен тасаланғаны. Біз табиғат бөлігіміз, сондықтан оның заңдылығымен өмір сүруімізкерек. Кім табиғат заңдылықтарын, яғни қоршаған ортасын және өзінің биологиялық маңыздылығын бұзса, онда ол өзінің денсааулығын кемітеді және ауыртады.
3. РАҚЫМДЫЛЫҚ ПЕН МЕЙІРІМДІЛІК
Бұл денсаулық үшін өте керек жағдай. Біз бұл жерде дінии мейірімділікті айтып отырған жоқпыз (ол жақсы), денсаулықты болдыратын, арттыратын мейірімділікті айтамыз. Үйткені, бұның себептілік маңыздылығының дәлелі алдыңғы пункттен аз емес.
Бір жағынан рақымдылық – ол адам организмінің толық қалыпты қызмет ету жағдайы, ең алдымен ол қолайлы нейро-гуморалдық белгілі жағдай.. Барлық нерв орталықтарын екіге «рақымдылық орталығына», «зұлымдық орталығына» бөлуге болады, барлық гармондарда да «рақымдылық гармоны» және «зұлымдылық гармоны» деп екіге бөлуге болады, егерде «рақымдылық» гармондары мен орталықтарыбасым болса,онда ол адамдардықоршаған ортағада және адамның өзіне де жақсы.
Екінші жағынан, біздерді қоршаған орта, яки сол қоғаммен келісу, тіл-табысу табиғатпен келісімді өмір сүрудей маңзды. Бұл келісім, тек альтуризм негізінде болуы мүмкін. Барлық адамдарды, әсіресе жақындарының сүйіспеншіліген лайық
Екінші жағынан, бізді қоршаған орта, яки сол қоғаммен келісу, тіл-табысу табиғатпен келісімді өмір сүрудей маңызды. Бұл келісім, тек альтуризм негізінде болуы мүмкін. Барлық адамдардың, әсіресе, жақындарының сүйіспеншілігіне лайық болуға тырысыңыз. Оғаш көрінседе, альтуризм ежелден келе жатқан биологиялық менмендіктің табиғатына қарсы емес. Альтуризм жасаған адам өзіне деген сондай құбылысты сыртқы ортадан көңіл аудара деп сенеді.бұны сол «менмендік альтуризм» деп атауға болады. Бұл жоғары дамыған жануарларға да тән, сондықтан оның биологиялық негізі бар. Көбінесе олар қоғамдық тәртіп бастамасы бар үйірлі, әсіресе, үй жануарларында жақсы дамыған.
Тіршілікте жануарлар ішінде өмір үшін күрес пен жыртқыштық қасиет басым болғанымен оларда да өзара жәрдемділік жақсы жетілген. Сондықтанда адамдардың өзіне дұрыс көзқараспен қарағанын қаласаң, сондай көзқараспен оларға да қарау керек.
4.ӘРҚАШАНДА ӨЗІНІҢІЗДІҢ САУ ЕКЕНІҢІЗГЕ СЕНІМДІЛІК ТУҒЫЗЫҢЫЗ ЖӘНЕ БАРЛЫҚ АЙНАЛАҢЫЗДАҒЫ АДАМДАРҒА ДЕНСАУЛЫҚ ТІЛЕҢІЗ.
Іс жүзінде көз алдыңызға деніңізді мазасыздандырып тұрған ағзаңызды елестетіп негізінен денеңізбен ағзаңыздың сау екендігін ойлаңыз. Адамдардың көбі бұны өзін-өзі сендіру әдісі деуі мүмкін. Бір жағынан ол солай, бірақ өзін-өзі сендіру іс жүзінде көп нәрсені түсіндірмейді.тіршілікте әр ағзадан нерв жүйесіне ақпарат түсірп тұратындығы белгілі. Нерв жүйесі әр ағзаның және әр клетка тіршілігін реттеп отырады. . организмде бұзылыстар болған кезде нерв жүйесі ол өзгерістерді қалпына келтіретін жүйелерді іске қосады: нейрондар мен нейрондық тізбектер бұл жұмысты тұрақты және тәуелсіз қадағалап отырады. Адамдардың өздері де осы нейрондар топтарының белсенділігін
«Денсаудлық» қызметтік жүйесі пайда болады. Міне осы денсаулыққа бағытталған қызметтік жүйені ағзалардың аурулығына не саулығына қарамай тұрақты қолдап отырсақ, сондаол аурулардың алдын алудағы және емдеудегі ең күшті фактор болып табылады. Бұл қызметтік жүйе негізіне нейрондар тізбегі арқылы импульстардың көп уақыт айналуы негізінде өзін-өзі қуаттайтын «нейрондар қақпаны» жатады. Сонымен, өзін-өзі сендірудегеніміз «нейрондар қақпанындағы» қозуды тұрақты қолдау нәтижесінде орталық нерв жүйесінде шартсыз түрде көптеген қорғаушы және регенерациялық механизмдердің пайда болып, организмнің салауаттық моделінің құрылуы. Қызметтік жүйелер туралы «Денсаулық шындығы» деген кітабымызда өте жеткілікті жазылған. Денсаулық туралы сенімді денешынықтыру жаттығулары кезінде, әсіресе-бірқалыпты жүгірген кезде дамыту керек және сол кезде организмде сауықтандыратын күштер пайда болатынын ойлау керек.
5.КҮНІНЕ ЕКІ РЕТ САЛҚЫН СУМЕН ҚҰЙЫНУ КЕРЕК.
Мүмкіндінше мұны көк шөп үстінде жалаң аяқ, далада жасау керек. Көбіне таза табиғи суатта шомылған жөн. Суық сумен құйыну-бұл жай су-гигиеналық процедура емес.
Өйткені, қысқы уақытта әсер еткен салқын су, организмге өте қажет ерекшеліксіз қорғаушы күштерді ындаландырады. Стресстік әсер ету оргаизмде «стресс-антистресс» жүйесін белсендіреді, оны жаттықтандырады.. әсіресе орталық нерв жүйесінің және оның вегативтік нерв жүйесінің парасимпатикалық, симпатикалық бөлімдерінің белсенділігі артады, гарсондық антистрессорлық жүйелер, температураны реттеу орталықтары, тереңде және шеткері жатқан қан тамырлары, зат алмасу процестері шынығады.
Бұндай шығым стрессте өмірге бейімсіз және өзінің қызметін атқар алмайтын клеткалар жойылады. Сонымен қатар қалпына келтіру және регенерациялық процестердің белсенділігі артады. Қорыта айтқанда, стресстік әсер ету арөылы организмде өмірге өажетті элементтер сұрыпталады. Сондықтан стресстен қашпау керек, оны ауруды алдын алу және емдеу үшін қолданған жөн.
Бұл жерде табиғаттың таңқаларлық заты судың ерекшелікті әсерінде еске алу керек, оның құпиялары әлі толық ашылған жоқ. Су тек сұйық қана емес, физикалық қасиеттеріне сәйкес оның кристалл тәрізді құрылым екені белгілі, сондықтан ол белгілі бір ақпаратты тасымалдайды.
Стрессорлық әсер ету арқылы оргаизмде морфин (эндорфин және энкефалин) тәрізді заттар түзілуі мен бөлінуі ынталанады, бұл ауруға қарсы жүйені шынықтырады.
Салқын су термореттелу орталықтарын шынықтырады және организмде пирогендік (дене температурасын көтеретін) заттар бөлінуіне әсер етеді. Ал пирогендердің таңғажайып қасиеттерін т өменде, 13-пунктте айтылады.
6.АПТАСЫНА БІР РЕТ 36 САҒАТТАН КЕМ ЕМЕС (күн-түн-күн) ТАМАҚ ПЕН СУДЫ ІШПЕУ КЕРЕК.
Бұл негізінен организмнің шлактардан, әлсіз немесе өзгерген. Клеткалардан құтылудың бірден-бір жолы. Біз свусыз «құрғақ» ашығуға кездейсоқ көңіл аударып отырған жоқпыз. Тек осылай ғана организм өзінің ішкілік-эндоендік суын қолданады. Бұл зат алмасудың белсенділігінің артып, майлар қорының, ыдырауына байланысты. «құрғақ ашығу майлар алмасуының бағытын өзгертеді: ол тек организмді сумен қамтамасыз ету үшін ыдырайды. Түйелерді еске алыңыз, олар шөл далада сусыз, тамақсыз көп уақыт бола алады. Түйе су мен тамақты өркешінде сақтайды деген пікір дұрыс. Негізінде түйе өркеші майлар қоры. Су мен тамақ жоқта майлар ыдырап, одан бөлінген энергия шығын болған энергияны толтырады, ал майлар ыдырағандағы пайда болған сулар-түйелерді ішкілікті сумен қамтамасыз етеді. Адам организмінде «құрғақ» ащығу кезінде дәл осындай процестер жүреді, соның нәтижесінде май қоры азаяды, клетка ішілік зат алмасу өзгеріп, майлық дистрофияның (әсіресе бауырда) азаюына, не кері қайтуына әсер етеді.
Сонымен қатар, саналы түрде осылай шыдаудың өзі шығым стресс болып табылады, ал оның пайдасын жоғарыда айтқанбыз.
7. ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ.
Біз сіздерге қатал белгілі бір диета сақта демейміз, бірақ керекті тиянақты ұсыныстар жасап отырмыз оны орындау өте қажет деп есептейміз.
А) күнделіті рационнын тұз бен қант және жануарлар майын азайту.
Таза күйінде тұз мен қант та тағамдық азықтар ретінде қарауға болмайды, олар химиялық заттар. Табиғатта жануарларға тағамдық тұздар аз, ал қант мүлде кездеспейді. Тұзды шамадан тыс көп қолдану организмдегі электролиттер тепе-теңдігін бұзып гипертония ауруын, арттриттерді дамытып, қабынуды өркендетуі мүмкін.
Рафинделген қантты көп қолдану ұйқы безінің аралшық аппаратының шамадан тыс жұмыс істеуі нәтижесінде қантты диабетті дамытуы мүмкін.
Жануарлар майы незінен табиғи тағамдық зат болғанымен, тарихи даму кезеңде (биологиялық даму процесінде) адам организмі оны ыдыратуға толық бейімделмеген. Өте ерте замандағы даму кезеңде адамдар әр нәрсені жейтін, вегетериандар болатын,кейінгі өркениетті мәдени даму кезеңде жануарлар еті мен тағамдарын көп қолдану әлеуметтік-экономикалық жоспарлауда тиімді болды. Тағыда ескеретін жағдай біздің дамуымыздың биологиялық негізі әлеметтік дамудан қалыс қалып отыр. Организмде жануарлар маының көп болуы, сыртқы холетериннің мөлшерін көбейтеді. Холестерин организмге қажет және оны өзі түзеді. Бірақ холестерин көбейгенде оны оргаизмнен шығару керек, оның жиналуы көптеген аурулар тудырады. Бүйректе, өт қабында холестериндік тастар пайда болады, ал ең қиыны – холестериннің ерімейтін тұздары артериялық қан тамырлары қабырғасына жиналып атеросклероз тудыруы.
Б) тағам ішінде жеткілікті түрде жеміс жидек, тағамдық шөптер болуы.
Олар біріншіден, биологиялық белсенді заттар , витаминдер және клечакткалар. Клечаткаларды көп қолданғанда ғана ішектер шлактардан тазарады. Осының нәтижесінде ішектер керексіз қабаттар мен нәжістік тастардан босанады, сорылу цроцесі жақсарады, шіру процесі доғарылады, сөйтіп организм токсикалық заттармен уланбайды., іштің желденуі азаяды. Қазақстанда біздер «Бапол» деген ерекше физиологиялық қасиеті бар тағамдық заттар өндіріп жатырмыз. Ол ішектің, бауырдың, бүйректің т.б. ағзалар мен жүйелердің қызметін жақсартаыд, ол организмді шлактар мен токсиндерден тазартатын өте күшті сорбент.
В) күніне кемінде бір рет ішекті босатып отыру керек.
Нәжістің бөгелуі, қатпа болу – аурулар белгісі ғана емес, ол жалпы организмде қобалжу бар екенін көрсетеді. Ол адамның көңіл күйін нашарлатады. Нәжістің бөгелуі тоқ ішекте шіру процесін күшейтеді ал оның токсикалық заттары қанға түсіп организмді уландырады.
Г) асықпай тамақтаныңыз.
Бұл тамақтың дұрыс қорытылуы үшін және асқазан ауруларын болдырмау үшін керек, мешкейліктен сақтайды. Тоқтық сезім бірден пайда болмайды, егер сіз столдан қарынды толық толтыру сезіммен тұрсаңыз, онда сіздің күпті болғаныңыз.
Д) кешкі сағат 6-7 ден кейін тамақтанбаңыз.
Негізінен ұйықтар алдында қарындағы асқорыту аяқталу керек. Ұйқы кезінде ішектегі сорылу процесімен жақсы жағдай жасалынады, белоктың, гликогеннің, майлардың түзілуі күшейіп жалпы ішектің асқорыту жақсарады.
8.ОРГАНИЗМГЕ ЖЕТКІЛІКТІ ФИЗИКАЛЫҚ САЛМАҚ ТҮСІРІП ТҰРЫҢЫЗ.
Біздер көбінсес, адам организміне комплексті, тең мөлшерлі және жеткілікті физикалық салмақ түсіру үшін жүгіруді қолдаймыз. Аптасына кемінде 30-40 км немесе күніне 35 минут жүгіру керек. Көбінесе адамдар мен машиналар аз жүретін жерлерде, яки бау-бақша алаңында, парктерде жүгіру керек. Егер ондай мүмкіншілік болмаса, аэробикамен, не велосипедпен айналысыңыз. Түтін-шаңы. Көп қала ішінде жүгіру пайдасыз.
Қызмет саласына қарай күнделікті физикалық белсенділік (жүгіру, жүру, жүкпен жүру т.б.) 2 сағаттан кем болмау керек. Осындай режимді сақтау өте маңызды. Жүгіріс кезінде жалпы және жергілікті қан айналымы күшейеді, барлық ағзалар мен тіндердегі майда қан тамырлары ашыла бастайды, тамыр қабырғаларын жақсартып, ұюын азайтады (тромбоксандар) бірқалыпты қозғалыстағы бұлшық еттерден ми мен жүрекке керек және оларды қоректендіретін заттар бөлінеді, жүйке ішкі секрет бездері жүйесінің белсенділігі артады; ішкілікті апиындар бөлініп, ауыру сезілталығын азайтады; 30-40 минут жүгірісте барлық ағзалар мен жүйелерде зат алмасу күшейіп «емделу» процесі жүріп жатады; барлық ішкі ағзалар үгіледі (бірқалыпты секілдеу мен сатылы салмақсыздану нәтижесінде) қандар жүрекке оралдады, сөйтіпқанның іркілуі азаяды. Жоғарыда көрсетілгендей жүгірудің қасиеттерін тізе берсек, оның адамға пайдасы өте көп.
Адам жасы ұлғайған сайын, физикалық шынығуц азаюы және көп тамақ ішу нәтижесінде атеросклероз бен семіру дами бастайды. Дене қозғалысы көптеген дәрідлерді айырбастайды, ал жер жүзінде қозғалысты айырбастайтын дәрі жоқ. Дене қозғалысы жүйкенің симпатикалық бөлімі іске қосылып, белсенділігі арта түседі.
Негізінен организмге физикалық салмақ түсіру, бұлда мөлшерлі стресс болып табылады, сондықтан ол жоғарыда айтылғандай стресстібелсендіреді. Қозғалыс, не жүгіру кезінде тек мұрынмен адам дем алу керек (дем алу, дем шығару). Мұрынмен дем алу зат алмасудыдұрыс реттейді, барлық ағзалар мен тіндерқалыпты қан айналысымен қамтамасыз етіледі.
9.АПТА САЙЫН БУЛЫ МОНША НЕМЕСЕ САУНА.
Бірінші бұл гигиеналық процедура: өйткені денсаулық кепілі- тазалық. Монша адам оргаизміне мұздай су құйғанннан кем әсер етпейді. Әсіресе терінің артық беткі қабығы түседіжәне тері үгіледі, терілік тамырлар шынығады. Ыстық, суық процедураларараласқаны жөн; ыстық будан кейінгі суық сумен жуыну, немесе ыстық суға шомылуды суық суменаяқтау керек. Жалпы булы моншаны, саунаны дұрыс пайдалана білу керек, барлық адамдарға ол пайдалы емес, түсерден бұрын дәрігерлермен кеңес керек (біз оны «Денсаулық шындығы» кітабында айтқанбыз). Сабынды, шампуны бар ыстық ванннаны қабылдауға болмайды, оны тек душ астында қолдануға болады(денеден олар толық жуылады) соңынан тағыда салқын сумен жуыну керек.
10.ЖЕТКІЛІКТІ СЕКС.
Жыныстық қатынастан қашпаңыз, жас ұлғайған сайын оны күнделікті дене шынықтыру мен жүгіру сияқты тәртіпке айналдыру қажет. Тұрақты секс барлық ағзалар мен жүйелерді биологиялық шынықтыру. Мынаны ұмытпау керек: жыныстық гармондар тек жыныстық тәртіп пен өсіп-өну ғана емес, жалпы организм дамуы үшін өте қажет, бұлшық еттерге және жүрек етіне анаболиттік (заттар түзілуіне) әсер етеді. Сүйіспеншілік дегеніміз сезімталдық күшті абыржуы, ол да стресстің бір түрі және жоғарыда айтқандай қашуға болмайды, оның да пайдасы бар.
11. АРАҚ ІШПЕҢІЗ ЖӘНЕ ТЕМЕКІ ТАРТПАҢЫЗ.
Бұл туралы түсіндіріп жатудың керегі жоқ еске салатын бір нәрсе өзіңнің организміңе және биологиялық табиғатқа зорлық-зомбылық жасау-өзіңді-өзің құртқаның.
12.ДӘРІ-ДӘРМЕКТІ ҚАБЫЛДАУДЫ АЗАЙТЫҢЫЗ.
Әсіресі бұл мәселені ауруды «алдын алуға» дәрілерді көп қолданатын адамдарға арнаймыз. Синтетикалық витаминдердің өзінің емдік қасиеті табиғи жеміс-жидектерге қарағанда төмен. Соңғы кездерде көбірек қолданып жүрілген шөптердің өздері де синтетикалық дәрі –дәрмектерден кем қауіпті емес. Дәрілік шөптердің дозасын мөлшерлеуде қиын, дәрілік қасиетінде тиянақтылық жоқ, құрамында әртүрлі керексіз заттарда болуы мүмкін. Кейбір дәрілік шөптердің құрамында күшті биологиялық белсенді заттар болады. Адамдардың кейде ішкісі келмейтін таблеткалардың өзі де сол өсімдіктерден жасалынады. Егер дәріліік шөптерді қолданғыңыз келсе құқрамында витаминдері барларын, не белгілі жень-шенді, элеутеро-коккті, аралинді, қытай лимоннигін қабылдаңыз. Жеміс-жидектерді, олардың щырындарын шаршап-шалдыққанда синтетикалық дәрілерден де кем емес. Синтеткалық витаминдерді көп қабылдау оның организмнен шығарылуын күшейтіп гиповитаминозға әкеліп соғады.
13.ДЕНЕ ҚЫЗУЫ КӨТЕРІЛІП ТҰМАУРАТҚАННЫҢ ӨЗІНДЕ ДЕ ОРГАНИЗМДІ ШЫНЫҚТЫРУДЫ ТОҚТАТПАУ КЕРЕК.
Суық сумен жуынуды, құйынуды тоқтатпау керке. Қысқы уақытта осындай процесдура сізді тоңдырмайды, керісінше суықты сезінген дененін тереңгі бөліктерінде температура көтеріліп, адамның қорғаныштық күшін арттырады. Дене қызуы көтерілгеннен қорықпаңыз, ол ағзаға қызметтерін қалпына келтіруге бағытталған адамның ауруға қарсы күресі. Адам дене температурасын көтеруге бағытталған емдеу әдістері де бар. Дене қызуының көтерілуі оргнизмге керек, пайдалы реакция. Қызуды көтеретін пирогендік заттар микробтың сыртқы қабығында және оганизмдегі көптеген клеткаларда, әсіресе лейкоциттерде түзілуі, ол өмір мен күрес үшін керекті табиғи жаратылыс. Қызба кезінде организмдер гипофиз-бүйрекүсті бездер жұмысы күшейеді, қан айналысы ішкі органдарда 2-3 есежылдамдайды, лейкоциттер саны артып, организмнің иммундық күші артады. Қан таырларында тромбалар ериді, қатты тыртықты тіндер жұмсарады, тіндерде гликолизбен энергия алмасуы күшейеді, энергия көзі АТФ түзілуі артады, қарындағы пептидтік жаралар жазыла бастайдыы, қатерлі ісік клеткаларының өсуі тежеледі, орталық нерв жүйесіндегі, бұзылған құрылымдардың қалпына келуі де байқалған. Осы тұрғыда ммына сұрақтар орынды: адам халі нашар, дене қызуы өте жоғары, сонда дәрілер қолданбау керек пе?
Бұл сұраққа былай жауап береміз: дәрі-дәрметі дене қызуында қолданба демейміз, тек оларды ақылмен дұрыс қолдана білу керке. Бірақ бұлай ойлану керек: неге ауру ағымы өте қиын өтіп жатыр? Ол адам оргаизмінің қоздырғыштарға өарсылығының әлсірегені, қорғаушы күштердің жеткіліксіздігі, ал ол нелітен болып тұр, бұл енді түсінікті шығар деп ойлаймыз.
14.ЕҢБЕК
Біз ойлаймыз, еңбек пен тек қана әлеуметтік мұқтаждылық емес, биологиялық қажеттілік. Ал г. Селье айтуынша биологиялық ақажеттеілікті шектеу «созылмалы сезімдік стресске» яки дистресске әкеледі. Бұл оргаизмді шынықтыратын стресс емес, ол денені бұзатын, ауру тудыратын күй. Сіз сұрақ қоюыңыз мүмкін: жануарлар жұмыс істемейді (мақсатты бағытта), онда еңбектің биологиялық қажеттілігі қайда?
Бірақ адамды адам еткен еңбе емеспе? Біз араны, құмырсқаның, құндыздың еңбегін айтып отырғанымыз жоқ. Еңбектің керектілігі, біздіңше, оны қызметтік мағына-сапалығында. Адам еңбегі күрделенуде, талдамды да, бірақ еңбектік дәлелді мынандай топтарға бөлуге болады. Біріншіден еңбектің ойындық қасиеті: баланың далаға шығып ойнауы-оның еңбегі өсіп дамуына, өмірге бейімделуіне керек. Бұл жердегі биологиялық қажеттелік дәлелі түсінікті. Екінші түрі ересек адамдар еңбегі, олар өздігінен бір проблемалармен, искусствомен, өнертапқыштықпен ғылыммен, яки шығармашылық жұмыстарымен айналысады. Бұл жерде де еңбектің биологиялық дәлелі жоғары дәрежеде көрініп тұр. Бұл негізінен бала еңбегінің жалғасы, ол тек ересек интелектуалды адамдарға тән. Егер адам еңбегі сол әлеуметтік орта, қоғам талабына сәйкес келсе, ол бақыттылық. Онда ол адам жаратушы болып табылады. Кейбіреулер еңбекке деген дарындылығы аз болғанның өзінде де олар еңбектің қажеттілігін әртүрлі колллекция жасау арқылы , өздігінен білу-іздену арқылы, қызығушылық істер арқылы қамтамасыз етіп, бірдіреді. Ұшіншіден, еңбектің әлеуметтік керектілігі. Бұл жерде оның биологиялық дәлелін түсіндіру қиын, бұл еңбек қоғамының тарихи даму кезінде пайда болып, соның нәтидесінде товарғ айналып,сатылатын болды.
15. ӨЗ БАЛАҢЫЗДЫ СИЛАҢЫЗ.
Бала әр жанұяның толық мүшесі болуы керек. Әрине ата-ана өзінің балаларының денсаулығын ойлайды. Ол үшін біз барлыын жасаймыз ба? Бала денсаулығының нашарлауы ата-ананың тәрбиеге селқос қарауымен, өздерінің дұрыс өмір сүруімен, қоғамдық және профилактикалық медицина жұмыстары жеткіліксіздігімен көп байланысты. Балалар денсаулығы негізінен 4 принципке байланысты:
А) шетеусіз қозғалысты белсенділік;
Б) дененің физикалық және психикалық шынығуы.
В) дұрыс тамақтану;
Г) балаларға «Кодексті» орыгдауды дағды-әдетке айналдыру керек.
16.КҮНІНЕ 6-7 САҒАТТАН КЕМ ҰЙЫҚТАМАУ КЕРЕК.
Ұйқы жай пасивті күй емес, бұл белсенді физиологиялық процесс: зат алмасу, қоректену, қалыпты жағдайда келу және өсу процестері жүріп жатады. Ұйқы кезінде адамның есіндегі қысқа уақытты ақпарат ұзақ уақытты ақпаратқа ауысып, керек емес ақпараттар «өшіріледі».
17.ӨЗІМДІЛІК СЕНІМІҢІЗДІ ТАБЫҢЫЗ.
Құдайға, Брегке, Амосовка, Ивановқа, өзіңізге, осы «Денсаулық кодексіне» және кімге сенгіңіз келеді соған сеніңіз. Кез келген сенімділік, мақсатсыз өмір сүру емес, ол адамды ішкі психологиялық қарама-қайшылықтан, ауру тудыратын созылмалы сезімтал стресстен сақтайды.
18. ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ- БҰЛ ЕҢБЕК
Денсаулықты сақтау, жәй еңбек емес-әр адамның интелектуалды, жоғары кәсіпшілік еңбегі. Бұл еңбекті үйрену керек. Неге?-деп сұрауыңыз мүмкін-денсаулыққа көмектесетін, сол үшін қаржы алатын кәсіби дәрігерлер бар, керек кезде олар бізге көмектеспей ме? Егер ісіңіз дәрігерлерге түссе, олар тек деусаулығыңызды мүмкіншілінше қалпына кетіруге тырасады. Бұл дегеніміз адамдардың денсаулықты сақтауда көптеген мүмкіншіліктепді жіберіп алғандығы немесе денсаулықты сақтағысы келмегені, не ол үшін еңбектенбегені. Өз денсаулығыныңды өзіңіз сақтамасаңыз, ешкім сізге қамқоршы болмайды. Өзіңізді денсаулығыңызға өзіңіз көңіл аудармасаңыз, сіз үшін оны кім істейді? Міне осыдан қазір экстрасенстер, құжатсыз тәуіптер, бақсылар және тағы басқалар көбейіп кетті, олардың бәріде өзіңіздің қатысуынсыз, еңбеңіздің өз қалтасы үшін жұмыс істеп жүрген сіздің деусаулығыныңдың қамқоршылары. Медицина классиктері айтқандай, деніңіз сауда денсаулығыңызды сезбейссіз, тек ауырғанда ғана сақтай алмаған қазынаның бағасын білесіз. Міне сондықтан, дені сау адамның бақылау үшін, сезіну үшін саулықты үйрену керек, еңбектену керек. Әсіресе бірінші кезеңде ол оңай емес, бірақ денсаулық үшін, келешек өмір үшін, ол еңбек қажет.
Сіздер «Денсаулық кодексі» арқылы арқылы дәстүрлі медицина негізінде және денсаулықты сақтаудың әртүрлі жүйелі әдістерімен таныстыңыздар. Тағы да ескертеміз, бұл кодекс оның барлық пункттарын сөзсіз орындауды талап етпейді және денсаулықтың барлық ережелерін тегіс қамти алады деп айта алмаймыз. Бірақ кішкене де болса да сол пунктаррдың бөлімдерін, ережелерін, орындасаңыз сізге пайда әкеледі. Барлық пункттарының маңыздылығы бірдей емес. Суық сумен құйынуға, жгіруге, «ашығу күндеріне» көп көңіл аударамыз. Бұлар адамның қорғаушы күштерін арттыратын, тудыратын әдістер. Біз неге осы әдістердің негізіне П.Ивановтың «Детка»-сын алдық. Біріншіден, оның әдістері барлық адамға пайдалы, ешқандай зияндығы жоқ. Екіншіден, «Детка»-ның физиологиялық мәні адамдардың қорғаныш күшін тудыруға, арттыруға бағытталған. Үшіншіден «Детка»-ның авторы дәлелдеген жартығасырлық тарихы бар және оны адамдар өте жиі қолданады, ол өзінің профилактикалық-емдік қасиеттерімен көзге түсті. Егер сіздер салыстырып көрсеңіздер біздің «Денсаулық кодексі» мен «Детка»-ның көптеген ұқсастығы бар.